Какой рейтинг вас больше интересует?
|
Көз асты қара шеңберлері – себептері мен емдеу жолдары2016-05-14 04:50:00 (читать в оригинале)КҮНДЕЛІКТІ БЕТ ТЕРІСІ КҮТІМІНДЕГІ 10 АЛТЫН ЕРЕЖЕ
https://vk.com/bianshi_buy Көз астындағы қара шеңберлер – дерматологтардың зерттеулері бойынша безеуден кейінгі терінің ең тараған мәселелерінің екіншісі. Көтеген адамдар үшін ұйқысыз түндерден кейін таңертең айнадан өзін көргенде қара көз асты шеңберлерінің бар болуы таңғажайып емес. Дегенмен, бұндай қара дақ проблемасы ұйқы жетіспеуінен ғана туындамайды. Жас ұлғайған сайын қара шеңбер жиі әрі қанығырақ көріне түседі. Көз асты қара шеңберлерін тудыру себептері мен оларды емдеу жолдары. Жасымыз ұлғайған сайын теріміздің құрамынан коллаген кетіп, тері жұқа әрі мөлдірей түседі. Қара шеңберлер көбіне тұқым қуалайды. Көз айналасындағы тері денедегі өте нәзік және жұқа тері болып табылады. Қара шеңберлердің бір себебі аллергия болуы мүмкін. Тітіркенген көзді қасыған кезде, тері тітіркенуін қоздырасыз және жіңішке тамыршаларды зақымдауыңыз мүмкін, бұл ісінуге алып келеді. Егер көз асты қара шеңберлері мен ісіктері сіз үшін тұрақты мәселеге айналса, онда сізде тамақ пен химиялық заттарға айқындалмаған аллергия түрі бар болуы мүмкін. Қытай медицинасында қара шеңберлер демалыстың жоқтығы мен бүйрекке түскен артық күштен бүйректің нашар жұмыс істеу нышаны болып табылады. Бүйрек ауруы көз астындағы теріге және беттің басқа аймақтарына пигменттің түсуіне соқтырады. Қара шеңбер мен ісік К дәруменінің жетіспеуінен немесе тамақтағы антиоксиданттардың жоқтығынан тууы мүмкін. Емдеу жолдарына келсек, күнде түнде кем дегенде 7-9 сағат ұйықтаңыз. Ішкен тамағыңыз да өте маңызды! Таза, табиғи тамақ жеп, көбірек су ішіңіз және қажетті дәрумендер мен минералдарды қабылдауды қадағалаңыз. Күн сайын балғын шпинат жеңіз. Сондай-ақ, тамақ арасында шикі бадам (тұзды да, қуырылған да емес) жеңіз. Тұзды тамақ жемеңіз, өйткені тұз ағзада судың жиналуына соқтыртады, ол көз астындағы ісік пен қапшықтың пайда болуына себін тигізеді. Темекі тартпаңыз, бұл денсаулығыңызға зиян келтіріп қана қоймай, тері астындағы тамыршалар мен тамырларды едәуір айқындай түседі. Бадам майын жақсаруды сезбегенше, күнде таңертең және кешке көз асты терісіне жағыңыз. Сонымен қатар, Блум ұсынған нәзік тазартқыш майын пайдалана аласыз. Көзге қияр тілімдерін немесе суық шай қалташаларын басыңыз. Қияр ісікті басатын, ал шай құрамындағы танин көз асты қар ашеңберлерін болдырмайтын қасиеттерімен танымал. Сонымен қатар, Питер Томас Рот ұсынған гель маскасын пайдалансаңыз да болады. Интенсивті зерттеулер тері күтіміндегі жаңа технологиялардың пайда болуына әкелді. Осының арқасында көз астындағы қара шеңберлерден құтылуға көмектесетін кремдер мен басқа өнімдерді оңай табуға мүмкіндік береді. Эмергин-Ц ұсынған көз асты шеңберіне қарсы құралдар. Лирак ұсынған көз асты шеңберлеріне қарсы екі есе әрекетті Диоптицерн түзегіші Бременн Резерч Лабс ұсынған қара шеңберге қарсы Гилексин интенсивті концентраты Шисейдо ұсынған көз асты қара шеңберіне қарсы Уайт Люсент кремі Клиник ұсынған қара шеңберге қарсы Ивенбеттер түзегіші Осы және басқа өнімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз. Ощутимые улучшения самочувствия от использования браслета вы заметите уже через несколько часов, однако максимальный терапевтический эффект достигается при постоянном длительном ношении.
https://vk.com/bianshi_armenia
КАК ОТЛИЧИТЬ НАСТОЯЩИЙ БЯНЬШИ ОТ ПОДДЕЛОК? ОТВЕТ ЗДЕСЬ
|
Категория «Спортсмены»
Взлеты Топ 5
Падения Топ 5
Популярные за сутки
|
Загрузка...
BlogRider.ru не имеет отношения к публикуемым в записях блогов материалам. Все записи
взяты из открытых общедоступных источников и являются собственностью их авторов.
взяты из открытых общедоступных источников и являются собственностью их авторов.