Бет маскасы – өзіңізді еркелету мен теріңізге күтім жасаудың қарапайым және арзан тәсілдерінің бірі.Бетке арналған маскалардан әсерлі нәтиже алуға көмектесетін кеңестерімізді ұсынамыз.
Егер масканы өзіңіз әзірлесеңіз, әр қолданысқа балғын өнімді дайындауға тырысыңыз Егер сіз дайын өнімді қолдансаңыз, қажетті құралдарды дайындаңыз: аппликатор немесе маска жағуға арналған жалпақ қылқалам, мақта дискілері мен сулықтар.
Көз айналасындағы теріге картоп немесе қиярдың жіңішке 2 тілімін кесіп, дайындаңызҚажетті құралдарды қолданар кезінде салқын болып тұруы үшін барлығын тоңазытқышта сақтаңыз
Масканы жақпастан бұрын, бет терісін жақсылап тазартыңыз
Қажет болған жағдайда скрабты колданыңыз. Ол өлі жасушаларды жойып, масканың теріге жақсы сіңуіне әсерін тигізеді
Бет терісі тесіктерін ашу үшін бетіңізді будың үстінде ұстаңыз, бірақ 2 минуттан артық ұстауға болмайды. Немесе сулықты ыстық суға малып алып (шыдамыңыз жететін ыстық болсын), бетіңізге жайыңыз, сулық суығынша ұстаңыз.
Аппликатор немесе маска жағуға арналған жалпақ қылқаламды алып, масканы жағыңыз.
Сонан соң қияр немесе картоп тілімін көзіңізге қойып, өзіңізді бос ұстаңыз.
Масканы қораптағы көрсетілген уақыт бойына немесе кепкенше ұстаңыз.
Сонан соң, қалдығын сулық немесе мақта дискісімен сүртіп тастаңыз.
Бетіңізді тоникпен сүртіп, ылғалдандырғыш күтімін жағыңыз
Питер Томас Рос ұсынған қияр сіріндісі қосылған гель-масканы пайдалануға кеңес береміз
СК II ұсынған көзге арналған қартаюға қарсы маскасы
Биодинамическая Подтягивающая Маска от Шантекалье ұсынған биодинамикалық тартқыш маскасы
Осы және басқа өнімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.